20
январь
2023
БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ
Балаларға дұрыс бағыт-бағдар көрсету — тәрбиенің басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта Шиелі ауданы, Алғабас ауылы №157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылық, қылмыс, суицид, зорлық-зомбылық, әлімжеттіктің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, түсіндірме жұмыстарын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зағира Қозыбаева жүргізді. Оқушыларға тәрбие бағытында көптеген ақпараттар берілді. Өз кезегінде балалар да көкейтесті сұрақтарына жауап алды.