03
ноябрь
2021
Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті
Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Зиянды затпен тұтас ел болып күресуіміз қажет. Осы мақсатта Шиелі ауданы, Алғабас ауылы №157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектепте мұғалімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ашып айтсақ, арнайы нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері туралы бейнебаян көрсетілді. Ғасыр дертімен қоғам болып күресу керектігі, адам өмірінің маңыздылығы жайлы сөз болды. Иә, аталған шара салауатты өмір сүруді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.