«Оқу үдерісінде заманауи технологияларды пайдалану – заман талабы» тақырыбында аймақтық магниттік мектептер арасында семинар » №157 орта мектебі
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№157 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Оқу үдерісінде заманауи технологияларды пайдалану – заман талабы» тақырыбында аймақтық магниттік мектептер арасында семинар
24
февраль
2023

«Оқу үдерісінде заманауи технологияларды пайдалану – заман талабы» тақырыбында аймақтық магниттік мектептер арасында семинар

157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектебінде  2023 жылдың 24 – ақпан күні  «Оқу үдерісінде заманауи технологияларды пайдалану – заман талабы»  тақырыбында аймақтық магниттік мектептер арасында семинар өтті. 
Мақсатты:  Оқу үдерісінде оқушылардың білім алу үшін қажетті жағдай жасау, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту. 
      Іс-шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері Арман Шаденов, № 150 мектеп,  №156мектеп, №241 мектеп,  №84мектеп, Лесхоз мектептерінен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен химия, география пәні мұғалімдері келіп қатысты. Шара барысында келеген қонақтар мектеп ұжымының дайындағын көрмесін тамашалап, ашылу салтанатына қатысты. Семинарды мектеп директоры Үсенхан Ахметов алғысөзбен бастады. Сөз барысында іс-шараның маңызын, тәжірибе алмасудағы рөлін ерекше атап, мектеп ұжымының жұмысына сәттілік тілеп, алыс-жақын ауылдардан келген қонақтарға алғысын білдірді. 
  Семинар барысында  10 «А» сынып оқушыларына  «Табиғаттың ластану түрлері»  тақырыбында  география  пәнінің мұғалімі Абдукалыкова Назира  ашық сабақ өтті. 9 «Б» сынып  оқушыларына Химия пәнінің мұғалімі Төлегенова Ұлбосын «Фосфор және оның қосылыстары» тақырыбында шық сабақ өтті.
Заманауи әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану үлгілерін «Ерекше білімді қажет ететін балаларды ұсақ қол моторикасын дамыту. Менің ақылшы бес көмекшім». Бастауыш сынып мұғалімі – Абуова Гүлжанар;
«Атмосфералық қысым, атмосфералық қысымды өлшеу» 7 сынып, физика пәнінің мұғалімі – Байрабаева Дылфуза;
«Тригонометриялық функциялардың туындысы» 10 сынып, математика пәнінің мұғалімі- Нугманова Гаухар;
 «Күрделі шарттарды программалау» 7 сынып, информатика пәнінің мұғалімі- Жүнісова Ғалия; 
  «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу»  6сынып, математика пәнінің мұғалімі- Қордашова Әлия әріптестеріміз өткен сабақтарынан постер-сессия қорғады.  
«Canva, MindMeister, Janboard бағдарламаларымен жұмыс жасау»  тақырыбында семинарға келген химия және география пәні мұғалімдерімен   директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айсара Ахметова коучинг өткізді. 
   Семинарда көрсетілген жұмыстарды қорытындылау кезеңінде келген қонақтар өз пікірлерімен бөлісті. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив