03
ноябрь
2021
БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Шиелі ауданы, Алғабас ауылы №157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектебінде 1-қыркүйек білім күніне арналған " Кел, балалар оқылық" атты мерекелік жиынды мектеп директоры Гүлмира Ермаханова ашып берді. Білімге құштар бүлдіршіндерді алғашқы мерекемен құттықтап, мектеп ұжымына шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ биылғы жылы барлық мұғалімдер мектепке "Ashyq" қосымшасы арқылы кіретінін айтты. Жиында Алғабас ауылының әкімі Бақытжан Терлікбаев өз кезегінде бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, ауыл әкімдігінің және ауыл жастарының демеушілігімен балаларға мектеп құралдарын табыстады. Одан әрі Шиелі аудандық білім бөлімінің әдіскері 1 сынып оқушыларын мерекемен құттықтады. Ауыл ақсақалы, ардагер Әлімхан Мінәділов та ақ батасын берді. Жас бүлдіршіндер тәтті тілдерімен өлеңдер оқып, әннен шашу шашып, би биледі. Мерекелік жиында барлық санитарлық талаптар сақталды.