24
октябрь
2022
Дебат қозғалысы
№157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектебінде "Дебат қозғалысы" жобасы аясында "Сұңқар" дебат клубының жетекшісі ағылшын тілінің мұғалімі Ж.Райымбекованың ұйымдастыруымен 2022 жылдың 28 қазан күні "Қазақстан мектептерінде дебат клубтарын ашудың пайдасы" тақырыбында 8-9 сыныптар арасында дебат ойыны өткізілді. Турнирге 8- сыныбынан "Жалын", 9- сыныбынан "Сұңқар" фракциялары ойын көрсетті. Ойын барасында позицияларын тиянақты жеткізіп, мәдениетті сыпайы түрде өздерін ұстай алды. Нәтижесінде "Сұңқар" фракциясы жеңіп шықты. "Жалын" фракциясы алғыс хатпен марапатталды.