03
ноябрь
2021
"Адалдық — ең жақсы қасиет" атты адалдық сабағы.
Шиелі ауданы, Алғабас ауылы №157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектепте "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы мүшелері жұмыс жоспарына сәйкес, 2021-2022 оқу жвлындағы жұмысын тұрақты түрде бастап кетті. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Улжан Нурекееваның басшылығымен мектебімізде түрлі іс-шаралар легі өтіп жатыр. Соның бірі бүгінгі өткен 8-10 сынып оқушылары арсында өткізілген "Адалдық — ең жақсы қасиет" атты адалдық сабағы. Оқушылар бір-бірімен білім алмасып, ойын айшықты түрде жеткізді.