29
февраль
2024
"Мамандықтың бәрі жақсы" тақырыбында мамандық таңдау кеші
N 157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектебінде кәсіби бағдар беру апталығының аясында, бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ерденова мен 9 а,б,в сынып жетекшілері К.Тілеубаева,Ж.Әбдіқадірова,Б.Терлікбаевтың ұйымдастыруымен "Мамандықтың бәрі жақсы" тақырыбында мамандық таңдау кеші болып өтті. Аталған кешті мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Қозыбаева ашып берді.Мектебіміздің әлеуметтік педагогі Ұ.Елеусінова тренинг өткізді.
Мақсаты: Оқушыларды мамандық түрлерін, маман иелерімен таныстыра отырып,мамандық таңдауға бағыттау,кәсіптік бағдар беру. Болашақта кәсіби мақсатында дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым-қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе, саналы маман ретінде қалыптасатыны белгілі. Оқушылар түрлі мамандық иелерімен тартымды әңгімелері үшін алғыс айтып,өнерлерін ортаға салды.