01
сентябрь
2022
Мектеп тарихы
Мектеп тарихы
1928 жылы Алғабас ауылында тұңғыш рет мектеп ашылды. Мектеп ретінде ауыл мешіті пайдаланылды. 1928 жылғы Республикалық оқу –ағарту комиссариатының араб графикасынан латын альфавитімен оқытылды. Мұғалімдер Пірназар Маханов және Өксікбай араб әріпімен 1930 жылға дейін оқытты.
1930 жылдан бастап Жазықбаев Мырзабек латын әріпімен оқыта бастады. Оқушылар саны – 18-25 баладан аспады. Себебі, ауылда кәмпеске етек алып, ел бет-бетімен тарай бастады.Арнайы мектеп үйі салынды. 1931 -1933 жылдары ашаршылыққа байланысты мектеп жұмысы уақытша тоқтатылды. 1933 жылы үш жылдық бастауыш мектеп құрылды. Мектеп меңгерушісі М.Жазықбаев болды.
1949 -1950 жылы бастауыш мектеп меңгерушісі- Ысқақова Қалила. Ауыл ,аудан облыстың қолдауымен 2004 – 2005 оқу жылында мектепте ауыл азаматы ғалым, профессор, академик Беркімбай Пәрімбетовтің есімі берілді, мектепте ғалым атымен байланыстырылып «Есімі елге үлгілі» атты мұражай ашылды.
Беркімбай Пәрімбетов 1929 жылы 11 қыркүйекте Шиелі ауданы, Алғабас ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.