23
январь
2024
Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай “Балалар әдебиетінің бәйтерегі” тақырыбында сыныптан тыс жұмыс
№157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектебінде 22.01.2024 жылы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай “Балалар әдебиетінің бәйтерегі” тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өткізілді Сыныптан тыс сабаққа 9 “А” сыныбы оқушылары қатыстырылды.
Бұл сыныптан тыс жұмысты оқуға құштар мектеп кітапханасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Усербаева Меруерт өткізді.
Сыныптан тыс жұмыс барысында БЕрдібек Соқпақбаевтың өмір жолы мен шығармашылығы,
кітаптарының мазмұны, фильмдерге арқау болған тақырыптары жайында сөз қозғалып, “Менің атым Қожа” фильмінен үзінді сахналанды.Бұл іс-шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Піржанов Нұржан, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және 9”А” сынып жетекшісі Тілеубаева Күлән қатысып, оқушыларға өздері білетін тың ақпараттарымен бөлісті. Мектеп кітапханашылары Әйменова Айжан арнайы Бердібек Соқпақбаевқа жасалған көрмемен таныстырып,оқушыларды мектеп кітапханасына жаңа келген кітаптарды оқуға шақырса,
Алтынбаева Ұлбала ойын ойнатып оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра білді.Бұл іс-шараға жастар практикасы бағдарламасы бойынша келген қазақ тілі мен әдебиеті маманы Ғазиза Сатпаева да қатысып, үйренері мол оқушыларға кітап оқу рухани қазық екенін түсіндіріп өтті.
Оқушылар кітап оқу сыры, жазушының қаламынан шыққан тың дүниелермен танысып, жақсы көңіл күймен қатысты.