07
апрель
2023
ДЕНІ САУ ҰЛТ - ЕЛ БОЛАШАҒЫ.
2023 жылдың 7 сәуір күні
"7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне" орай N157Б.Пәрімбетов атындағы орта мектебінің оқушылар арасында "Шынықсаң шымыр боларсың" тақырыбында эстафеталық жарыстар мен флэшмоб және тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан жарыс ұйымдастырылды.
Денсаулық – адамның ең қасиетті де, құнды, қайталанбас, орны толмас асыл қазынасы. "Ең бірінші байлық - Денсаулық" дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршамыздың борышымыз .
🔖Ұйымдастырушылар: мектеп аяжандары Нәлібаева Ж,Алжанова С және дене шынықтыру пәні мұғалімдері.