03
ноябрь
2021
СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Баланы кішкентайынан спортқа баулу — еліміздің болашақ чемпиондарын тәрбиелеу деген сөз. Көршілес Жаңақорған ауданында өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай 2009-2010 жылғылар арасында аудандық қазақ күресінен нәтижелі оралған №157 Б. Пәрімбетов атындағы орта мектеп оқушылары өздерінің мықты екенін дәлелдеді. Толықтырсақ, 26 кг салмақта Нұрмұхамед Ғалымжанұлы мен 38 кг салмақта Орынбасар Жанболатов I орынды иеленсе, 32 кг салмақта Нұрислам Махаметжан III орынды қанжығасына байлады. Жас спортшыларға қанаттарың талмай, биік белестерден көріне берсін деген тілек білдіреміз. Сендер жетер жетістік әлі алда.