ҰЛТТЫҚ КИІМ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН » №157 орта мектебі
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№157 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҰЛТТЫҚ КИІМ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН
19
март
2024

ҰЛТТЫҚ КИІМ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

ҰЛТТЫҚ КИІМ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН
    Мектебіміздің технология пәні мұғалімі Бекмұратова Лаззат облыстық фесттвальде "Көркем" топтамасымен дефиле жасап келді.
   Ұлттық киім күні аясында  «Анаға тағзым» орталығында «ЭТНО FASHION» облыстық сән үлгісі фестивалі өтті. Аталмыш шара креативті индустрияны дамыту бағытындағы «Брендке бір қадам...» жобасы аясында жүзеге асып отыр.

   Жалпы, фестиваль мақсаты – ұлттық құндылықтар мен мәдени-мұраны насихаттау, жергілікті дизайнер-тігіншілердің креативті кластерлік жаңа жүйесін қалыптастырып, жұмысын қолдау. Ұлттық киім түрлерін заман талабына сай этно стильде жаңғыртып, сұранысқа қажет үлгілерінің жаңа нұсқасын ұсыну.

✅ Шараға облыс бойынша 17 дизайнер-тігіншінің бірі болып, Лаззат Бекмуратова да өз туындыларын көпшіліктің назарына ұсынып, Алғыс хат пен 30 000 теңгелік сертификатпен мараратталып қайтты. 
   Әр дизайнер екі түрлі киім үлгісін ұсынды. Бірі – күнделікті киетін классикалық стильдегі заманауи этно киім үлгісі, екіншісі – сахналық, сәнді ұлттық киім. Стиль мен талғамға қарай, дизайнерлер ұсынған ұлттық киімдер бір-бірінен матасы мен тігісі, безендірілуі жағынан ерекшеленді. Мәселен, ши құрақпен безендірілген этношапан, түймелері жылқы сүйектерінен әзірленген заманауи кеудешелер, киізден тігілген шапандар, т.б.

📌Жалпы, дефиледе жергілікті дизайнерлер ұсынған 150-ден аса ұлттық киім үлгісі көпшілік назарына ұсынылды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив